Монтессори ортасы
«Маған өзім жасауға көмектес» қағидасы. Бала құралды өзі таңдайды, қол моторикасы мен зейін дамиды.
Сол жағалаудың қақ ортасындағы Дипломатиялық қалашықта орналасқан жеке балабақша.
Дипломатиялық қалашыққа көлік тек рұқсатпен кіреді. Маңайда шулы көше жоқ, балалар таза ауада еркін серуендейді.


Тәрбиеленушілеріміз каратэ жарысында 1-орын алды
Халықаралық «Таланттар алаңы» байқауында II орын
Педагогтарымыз Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды
Оқу мемлекеттік типтік бағдарлама бойынша жүреді. Оған қосымша әр бала Монтессори ортасында өз қарқынымен жұмыс істейді.
«Маған өзім жасауға көмектес» қағидасы. Бала құралды өзі таңдайды, қол моторикасы мен зейін дамиды.

Бапкермен жаттығу балаға ептілік, тәртіп пен өзіне сенімділік береді.

Музыка мен би сабақтарында балалар ырғақты сезінуге, сахнада еркін жүруге үйренеді.
Қалашыққа көлік рұқсатпен кіреді. Баланы әкелу және алып кету тәртібін қабылдау кезінде толық түсіндіреміз.
«Еркетай», «Балбөбек», «Балдырған», «Ботақан» және «Жұлдыз». Бала жасына сай топқа барады.
Балабақшада 3D кино көрсетеміз, қуыршақ театры қонаққа келеді, Наурыз, Алтын күз, Жаңа жыл ертеңгіліктері өтеді.
Логопедпен топтық сабақтар айлық төлемге кіреді. Сабақ кестесін WhatsApp арқылы нақтылайық.